«Мені халық тағайындаған жоқ, ендеше мені кетіру де халықтың қолында емес» деген көзқарасын жұмсартып жеткізген екен.
Алматы әкімі Ерболат Досаев өзінің отставкаға кетуін талап еткен петицияға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкіммен кездесуде қала тұрғыны 57 мың алматылық оның отставкаға кету туралы петицияға қол қойғанын айтып, «Неге осы кісілердің сөзін тыңдап, орныңызды босатпайсыз?» — деп сұрады.
Ерболат Досаев «Алматыда 2 миллионнан астам адам тұрады» деп жауап берді.
Оның айтуынша, петицияға қол қойған 57 мың адамның ішінде тегі мен ЖСН-і жоқ адамдар да бар.
«Мүмкін бот-фирмалар бұл жерде де жақсы жұмыс істейтін шығар. Петицияны қарап отырмын, қол қойғандардың ішінде ЖСН, тегін көрсетпегендер де бар. Мен көтерілген мәселелерді қадағалаймын, уәде беріп қана қоймай, үлкен жұмыс атқарамыз. Қала — бұл тірі механизм, күнде бір нәрсе болады. Әкім ретінде сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды. Бірақ мені бұл қызметке Мемлекет басшысы тағайындады, шешімді де ол кісі қабылдайды»,
деді Алматы әкімі.
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…