Categories: Саясат

Дробницкийдің сөзі елімізге қатер төндіреді – Құл-Мұхаммед

Ресейдің мемлекеттік арнасындағы «Вечер с Владимиром Соловьевым» бағдарламасында Дмитрий Дробницкийдің айтқан сөзі қоғамдық резонанс туғызды. Сарапшы бағдарламада «Ендігі мәселе Қазақстанда. Ол жақта да Украинадағыдай нацистік процестер басталуы мүмкін» деген.

Осыған орай, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед жауап берді.

Оның айтуынша, бағдарламаға қатысушы сарапшылардың мұндай мазмұндағы пікір айтуына Соловьевтің де қатысы бар. Ол қонақтарына көрші елдер туралы айтқызып, көпшіліктің жек көрінішін тудырып отыр. Яғни, ол сарапшыларды арандатушы сөз айтуға «мәжбүрлейді».

деді М. Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар комитет басшысы «мемлекеттік арнада айтылған пікірге, Ресей билігі тиісті реакция білдіруі керек» деп есептейді.

«Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «Қазақстанда да ұлтшылдық процестер басталуы мүмкін» деген сөзінен біздің елімізге тікелей қатер төндіретіні анық байқалады. Егер ол ЕЭО пен ҰҚШҰ-на мүше бізбен бірге тұрған өзімізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшы-фантаст Дробницкий-Жуковтың пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресейдің федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық! Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет. Соловьев пен сол сияқты саясаткерлерге шынайы шындықты түсінетін, жаңа геосаяси ақиқатпен санасуды үйренетін уақыт келді», – деді комитет басшысы.

Еске салсақ, бұдан бұрын да ресейлік депутаттар мен сарапшылардың Қазақстан жері, территориясы, елдегі орыс тілі туралы пікірі БАҚ-да және әлеуметтік желілерде кең талқыланған.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago