Categories: Саясат

Дрон реэкспорты: Сауда министрлігі «түк білмейміз» дейді

Қазақстан сауда министрлігінің өкілі 22 мамырдағы брифингте қазақстандық компаниялар халықаралық санкцияны бұзып, Ресейге дрон мен электронды бөлшектер жеткізген деген ақпаратты «қызық мәлімет» деп атады.

«Біз кәсіпорындардың бәріне не экспорттап, өнімді қайдан алғанына қатысты сараптама жүргіземіз. Сіз қызық мәлімет келтірдіңіз, бірақ оны қаржы министрлігіне жолдау керек, өйткені өнім экспорттау немесе импорттаумен айналысатын кәсіпорындарды осы мемлекеттік орган тіркейді. Бізде мәлімет жоқ», деп мәлімдеді сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Халықаралық зерттеушілер тобы жариялаған зерттеуде Қазақстан арқылы Ресейге санкцияға ілінген тауар тасымалдап жүрген «Аспан арба» компаниясы аталған. 2022 жылы сәуірде Алматыда тіркелген компания өзін дрон шығарумен айналысатын DJI компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі деп таныстырады. Директоры – Михаил Сапожников.

Сауда министрлігінің өкілі аталған компанияға қатысты «мәлімет білмейтінін» айтты. «Мен сізге оны қаржы министрлігі, инфрақұрылымды дамыту министрлігімен бірге тексеруге кеңес беремін», дейді спикер Азаттық тілшісіне.

Алайда қаржы министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәселеге сауда министрлігі жауап береді деп отыр.

Зерттеушілердің дерегінше, былтыр аталған фирма DJI компаниясының 500-ге жуық дронын Ресейге сатқан. Қытайлық DJI компаниясы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін былтыр көктемде Мәскеуге тауар сатуды тоқтатқан.

Зерттеушілер анықтаған деректерге қарағанда, «Аспан арба» компаниясы Қазақстанға жалпы құны 45 миллион доллар болатын 18 мың дрон жеткізуге лицензия алған. Фирма дрондарды DJI-дың Нидерландта орналасқан еншілес компаниясы DJI Europe-тан сатып алады.

Компания Еуропадан сатып алып, Қазақстанда тіркеткен қытайлық дрондардың бір бөлігін Ресейдегі «Небесная механика» компаниясына сатып үлгерген. «Аспан арба» компаниясының иегері Сапожников бұрын Илья Голбергпен бірге «Небесная механика» компаниясын басқарған.

Зерттеушілердің дерегінше, Ресей «Небесная механика» дрондарын краудфандинг науқанынан жиналған ақшаға Украинадағы соғыста қолдану үшін сатып алады.

«Ресейлік әскерилер арасында [DJI дрондары] танымал болғаны соншалық, бір серияның атауы жалқы есімге айналып кетті: қазір дрондардың бәрін “мавик” деп атайды (Mavic DJI дрондарының танымал моделі – ​ред.)» делінген зерттеуде.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago