Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады

Әлемге атақты актер Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен өз әнін шырқады.

Осыған дейін Джеки Чан ҚХР Іле Қазақ автономдық округіне фильмге түсуге барған. Ол кезде этникалық қазақтар актерге шапан мен жылқы сыйлады. Бұған дейін Чжеки Чанға шапан мен домбыраны әнші Димаш Құдайберген сыйлаған болатын.

Джеки Чан Қазақстанға 2017 жылы келген болатын. Ол сол кезде Қазақстанда фильм түсіргісі келетінін айтқан еді.

10 жыл бұрын Қазақстанның Гонконгтағы елшісі Қазақстанның бай ресурстары жайлы айтып берген болатын. Бес жыл бұрын елші маған тағы да Қазақстан жайлы айтып берді. Шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын. Бірақ, амал не, уақыттың тығыз болуына байланысты бұл арманым сол күйі орындалмаған еді. Бірақ мен болашақта міндетті түрде Қазақстанға келіп, осы іспен айналысқым келеді,

деді актер.

Айта кетейік, Іле Қазақ автономиялық аймағы Шыңшаң Ұйғыр автономиясының құрамына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы – Құлжа (қытай транскрипциясында — Инин) қаласы бір мезгілде Іле аймағының да орталығы. Қытайдағы бірден-бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялық облыс.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago