Categories: Экономика

Ең ірі банк банкротқа ұшырады

АҚШ-тың ірі банкі Silicon Valley салымшылар, технологиялық және венчурлық компаниялардың қызметкерлері ақшаларын қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін банкротқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл он жылдан астам уақыт бұрын қаржылық дағдарыстың шыңына жеткен Washington Mutual банкінің сәтсіздігінен кейінгі АҚШ тарихындағы екінші ірі банктің құлдырауы. Сондай-ақ, Silicon Valley ірілігі жағынан елдегі 16-шы орында тұрған банк болды. 

Silicon Valley жылдам дағдарысқа ұшырады. Кейбір сала сарапшылары жұма күні компанияның жақсы жағы мен инвестиция салуға қолайлы екенін айтты. Банк басшылығы жұма күні таңертең капиталды өсіруге және қосымша инвесторлар табуға тырысты. Алайда, банк акцияларының сауда-саттығы төтенше құбылмалылыққа байланысты Уолл-стриттегі сауда-саттық сессиясы басталғанға дейін тоқтатылды. 

Түске дейін депозиттерді сақтандыру бойынша Федералды корпорация (FDIC) банкті жабу туралы шешім қабылдады. Корпорация банк активтеріне бірден сатып алушы таба алмады, бұл салымшылардың ақшаны алу жылдамдығын көрсетеді. Қалған сақтандырылмаған депозиттер сыртқы басқаруда болады. 

FDIC мәліметінше, банкрот кезінде банктің жалпы активтері 209 миллиард долларды құрады. Салымдардың қанша бөлігі сақтандыру лимиті — 250 мың доллардан асып кеткені белгісіз, бірақ реттеушілердің бұрынғы есептері бұл үлестің айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті. 

FDIC жұма күні 250 мың доллардан аспайтын салымдар иелеріне 13 наурыз күні таңертең қолжетімді болатынын хабарлады.

Банктің банкротқа ұшырауы жұма күні барлық қаржы институттарының акцияларының төмендеуіне әкелді, олар дүйсенбіден бастап екі есе төмендеді. 

Бұған дейін FTX крипто биржасы банкрот жариялады, ол хакерлерді 415 миллион доллар ұрлады деп айыптады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

22 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

22 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

23 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago