Ең көп темекі шегетін өңір анықталды

Биыл қаңтар-қыркүйекте кәсіпорындар 13,5 млрд дана сигарет, сигара, шылым және темекінің басқа да өнімдерін шығарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық, деп хабарлады Energyprom.kz.

2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар шылымға деген ішкі нарықтағы сұранысты 60,1%-ға қамтамасыз еткен. Былтырғы көрсеткіш – 77,9%. Импорттың үлесі – 39,9%.

Қазақстанға 7,8 млрд дана сигарет пен шылым жеткізілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе көп (бұл кезеңде өндірістің жылдық өсімі 15,4% болды).

Экспорттың үлесі пайдаланылған ресурстардың 22,5%-ына жетті. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 8,9%. Атап айтқанда, бұл 4,4 млрд темекі өнімі, бір жыл бұрынғыдан 3,8 есе көп.

Ішкі сатылымдар өткен жылмен салыстырғанда 27,1%-ға өсіп, 15,2 млрд дана болды.

Биыл екінші тоқсанда үйлердің темекі өнімдеріне жұмсаған шығыны 11,2 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға көп.

Еліміз бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көп шылым тартады: екінші тоқсанда облыстағы әрбір үй орта есеппен темекі өнімдеріне 19,5 мың теңге жұмсаған. Кейін тізімде Павлодар (18 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (17,7 мың теңге) облыстары тұр.

Темекі өнімдеріне ең аз ақша жұмсаған шымкенттіктер болды. Олар бар болғаны 1,7 мың теңгеге шылым сатып алды.

Биыл қазанның қорытындысы бойынша фильтрі бар сигареттер бір жылда 16,4% қымбаттаған. Баға Шығыс Қазақстан (21,6%) және Ақмола (20,5%) облыстары мен Алматы (19,3%) қаласында айтарлықтай көтерілген. Ал Алматы облысында шылымның (11%) бағасы өспеген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дабыл қағуда, өйткені елде вейптің таралуы эпидемиялық сипатқа ауысты. Дегенмен, көптеген сарапшылар вейптерді сатуға тыйым салмай-ақ, оның саудасын ретке келтіруге болады деп санайды. Тыйым салу адал ойыншылардың нарықтан шығуына әкеліп соғады және вейп саудасын көлеңкелі саудаға итермелейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

17 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago