Фото: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бір отбасының бір айлық шығынын есептеп, 85 мың теңгенің өте аз екенін айтып, дәлелдеп берді.
Ол ең төменгі жалақының 300 мың теңге болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Үкіметтің ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре беретінін айтты. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтерілді.
Алайда, қымбатшылық қысып тұрған нарықта бұл жалақыға қарызға батпай өмір сүру мүмкін емесін айтып, мәселе көтерген Ринат Зайытов бір отбасының айлық шығынын есептеп көрді.
Мен өткен жолы бұл сұрақты Светлана Жақыпова ханымның өзіне де қойғанмын. Сол кезде ол «Мен сіздің айтқаныңызбен, 85 мың теңге жетпейді дегеніңізбен келіспеймін» деген еді. Сол үшін әдейі есептеп, арнайы дайындалып келдім,
деді депутат.
Журналистер «Ең төменгі жалақы қанша болуы керек? Бюджет оны көтере ала ма?», — деп сұрақ қойды.
Министрліктер есептесін. Меніңше, 300 мың болуы керек. Қалай көтере алмайды? Сіз ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары айына жылына қанша премия алатынын білесіз бе? Жүздеген миллиондап алады. Неге соны ретке келтірмейді?
деп жауап берді Ринат Зайытов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…