Қоғам

Ең төменгі жалақыны 300 мың теңге қылып қойсақ, оны мемлекет көтере алмайды

Ең төменгі жалақының мөлшері 2018 жылдан бастап өсті. Яғни 45 мың теңгеден басталып, 85 мыңға жетіп отыр. Мұны еңбекақысын алғандағы ең төменгі стандарт атаймыз. Жұмыс беруші бұл төлемнен төмен төлемеуі керек.

Мысалы 21 күн жұмыс істеп 80 мың теңге төлесе, жұмысшы сотқа арызданып, құқығын қорғай алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ең төменгі жалақы мөлшері жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Брифингте БАҚ өкілі «Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып белгіленді, алайда депутаттар бұл жалақының жетпейтінін айтып, тағы да өсіру қажет деп отыр. Нақтырақ айтсақ, үш есе көбейтуді ұсынды. Бұған еліміздің әлеуеті жете ме, мүмкін бе?» деп сұрақ қойды.

Жақыпова мұндай шешімге баруға болатынын айтады.

Ең төменгі мөлшерді 300 мың теңге қылып қойсақ, оны орта және шағын бизнес көтере алмайды.

Олар жалақы төлеуі керек, зейнетақы қоры бар дегендей… Сондықтан бұл — қауіпті. Иә, популистік тұрғыда бұл шешімге бара аламыз. Бәріне жар салып осынша көтердік деп айтуға болады, алайда шын мәнінде, ешкім дұрыс жұмыс істей алмай қалады,

деді министр.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago