Categories: Қоғам

«Егер өз мәдениеттеріңізді білсеңіздер». Ангелина Лукас қазақстандықтардың сынына жауап берді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Алматыда жекпе-жек алдында салмақ өлшеу салтанатты рәсіміне киген костюмінің мән-жайын түсіндіріп, отандастарының сынына жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

10 желтоқсанда танзаниялық Лулу Кайагеге қарсы жекпе-жегі қарсаңында Лукас сақ патшайымы Томириске ұқсас жауынгер кейпінде өлшеу рәсімі мен face-to-face рәсіміне қатысты.

Алайда, әлеуметтік желілердегі кейбір қазақстандық жанкүйерлер отандық спортшыны осы киімі үшін айыптады. Әлеуметтік желілерде «біздің ұлттық киімімізді купальникпен кимеңіз», «ұлттық киімді жабық денеге кию керек», «сәукелені неге купальникпен кигенсіз» деген пікірлер жазылды.

Тіпті тарихшы-этнограф Тұрар Сәттарқызы киімнің дизайнері Аида Кауменовадан жауап талап етіп, шенеуніктерге ұлттық мұрамызды қорғайтын заң шығаруды сұрады.

Лукас отандастарының сынына жауап ретінде Instagram Stories-те осы жағдайға қатысты өз ұстанымын білдіретін хабарлама жариялады.

Егер өздеріңіздің шынайы мәдениеттеріңіз бен ұлттық киімдеріңізді білсеңіздер. Сәукеленің қандай болатынын білетін едіңіздер. Ал бұл әскери дулыға,

деп жазды Лукас әлеуметтік желіде және суретінің жанына сәукеленің суретін қосты.

Айта кетейік, Ангелина Лукас Лулу Кайагені жеңіп, UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago