Египеттің Хургада қаласында акула ер адамға шабуыл жасады. Оқиға Dream Beach қонақ үйі маңындағы жағалаудан 30 метр жерде болған.
Желіде тараған видеодан ер адамның жүзіп қашпақ болғанын байқауға болады. Алайда акула оны су астына тартқан. Ал жергілікті тұрғындар қайықпен келіп, көмектескенше барлығы кеш болған дейді.
Мәлім болғандай ер адамның жанында тағы бір қыз болған. Ол аман қалды. Бір адамның көз жұмғанын Ресей елшілігі растады.
Осы жағдайға байланысты Ресей азаматтарын суға түскенде Египет билігі жариялаған тыйымдарды сақтауға шақырамыз,
делінген хабарламада.
Марқұм 23 жастағы Архангельск тумасы екен. Бірнеше ай бұрын әкесімен бірге Хургадаға көшіп келген.
Бұған дейін де Египетте акула шабуылы тіркелген. 2022 жылдың жазында Румыния мен Австрия азаматтары көз жұмған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…