Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы ақпаратты енді eGov.kz порталы мен eGov мобайл қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» баспасөз қызметі хабарлады.
Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады:
Бұған дейін мәліметтерді Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның өңірлік басқармалары азаматтардың жеке өтініштері бойынша Е-otinish азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы алуға болатын.
Мәліметтер жұмыс берушіге ұсынылғаннан кейін, жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. ҚР еңбек кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына жол берілмейді. Бұл жаңартулар Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы шеңберінде жүзеге асырылғаны айтылды. eGov.kz порталында жаңа қызметті алу үшін пайдаланушылар:
Қызмет көрсету мерзімі:
Қызмет көрсету нәтижесі — хабарлама, жеке кабинетте «Қызметтер тарихы» бөлімінде түпкілікті процестік шешім қабылданбаған сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қозғалған қылмыстық істің болуы не болмауы туралы мәліметтер болады.
Бұл ретте аталған қызмет түрі eGov мобайл қосымшасының «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде қолжетімді. Мәліметтер eGov mobile-ге хабарландырулар бөліміне жіберіледі.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…