Categories: Қоғам

eGov жемқорлар туралы анықтама беретін болды

Қолданыстағы еңбек заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер қарастырылған.

Квазимемлекеттік сектор ұйымына жұмысқа тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екені туралы анықтама ұсынуға міндетті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

Қазір квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыруды шектеу барлық лауазымдарға қолданылады, бұрын бұл шектеулер басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қатысты болатын.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беруді мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қабылдануы және ұсынылуы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша анықтамалық тексеріс жағдайында – 5 жұмыс күнді құрайды.

Сондай-ақ қызметкерлерге қатысты мәліметтерді алу үшін, олардың келісімі болған жағдайда «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы жұмыс берушілерге қолжетімді. Осындай қызметті мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда ғана алуға болады.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне жүгіну арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының «Жеке кабинетіндегі» «телефон» бағанында телефон нөмірін көрсету немесе оны жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) байланыстыру қажет.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago