Ей, шенеунік, жөніңді біл!

Жыл басынан бері кәсіпкерлікке заңсыз араласқан 65 шенеунік жауапқа тартылды. Ал Атыраулық шенеуніктер көпбалалы отбасыларға тиесілі ақшаны жымқырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары бизнеске заңсыз араласу және оған қысым жасау фактілерін анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Жыл басынан бері осындай 72 факт анықталды. Олар бойынша 165 сотқа дейінгі тергеу басталды, 112 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 65-і сотталды. Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты. Оның ішінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою, рұқсат құжаттарын беру және басқалары жатады. Олардың жалпы құрылымдағы үлес салмағы – 80%,

деп жазылған хабарламада.

Антикор тергеушілері жоғарыда көрсетілген барлық факті бойынша мемлекеттік органдар басшылығының атына сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізді.

Жұмыс тобының келесі отырысы оның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

Сондай-ақ күн тәртібіндегі тағы бір өзекті мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы болды.

Атыраулық шенеуніктер көпбалалы отбасыларға тиесілі ақшаны жымқырған

Атырау облысында шенеуніктер көпбалалы отбасыларға арналған үйді салу кезінде 330 миллион теңгеге атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойған. Алайда шын мәнінде ештеңе істелмеген.

Исатай ауданына іссапармен барған Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ерлан Досанов Аққыстау ауылында анықталған заң бұзушылық туралы айтты.

Ол жерде 60 пәтерге шақталған үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы кезінде мемлекеттік бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары атқарылған жұмыстар туралы жалған актіге қол қойған. Бұл дегеніміз, тапсырыс беруші ақшаны төлеп қойған, ал үш тұрғын үй бойынша 330 миллион теңгенің жұмысы істелген жоқ,

деді Ерлан Досанов.

Тұрғын үй әлі пайдалануға берілмеген. Ал мердігер өзіне жүктелген міндеттерден босатылмады. Осыған байланысты департамент бюджет қаржысын жымқыруды болдырмау мақсатында облыс басшылығына хат жолдап, мердігерді бақылауға алуды талап етті.

Департаментке жауап келген. Оған сәйкес барлық кемшілік жойылғанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс нысанын пайдалануға беру барысын бақылауда ұстайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago