Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегмановтың «Жас Алаш» басылымына берген сұхбатына сәйкес, биыл Қазақстан Жазушылар Одағына жаңа 19 мүше қабылданған. Олар:
Байқағандарыңыздай, арасында ресейлік бизнес-тренер, инфобизнесмен Саидмурод Давлатов та бар. Қасымхан Бегмановтың айтуынша, Давлатовтан өтініш келіп түскеннен кейін оның шығармашылығын біраз зерттеген.
С.Давлатовтың одаққа қабылдау туралы өтініші түскенде, оның құжаттарын зерттедік. Ол үлкен табысқа жеткен қаламгер екен. 14 кітаптың авторы, оның жетеуі қазақ тіліне аударылған. Кітаптарына сұраныс зор, жүздеген мың таралыммен тарап жатыр. Бұл жерде біз оқырманның талабымен де санасып отырмыз. Заман мен қоғам өзгерген сайын кітаптардың да жанры мен тақырыптары өзгереді емес пе? Тіпті әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды боп көрмеген жанрлар мен формалар пайда болуда. Болашақта ол жағын да ескеруіміз керек,
деді Қасымхан Бегманов.
Сондай-ақ биыл Одаққа саясаткер Әміржан Қосанов та мүше болған. Оны да мүшелікке бекер қабылдаған жоқпыз деп отыр Одақ басшысы. Айтуынша, Қосанов ақын ретінде де танымал.
Қосанов қаламгер емес, саясаткер ретінде белгілі адам. Иә, ол көпшілікке, ең алдымен, саяси қызметімен таныс. Бірақ та әдебиетке жақын қауым оны ақын ретінде де біледі. Оның өлеңдері кезінде «Қарлығаш», «Жаңаөзен» жыр жинақтарында, Жазушылар одағының органдары «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын», «Таңшолпан» журналдарында жарияланған. Өткен жылы «Жұлдыз» журналының он екі санында оның «Қазақ, қайда барасың?» атты публицистикалық мақалалар циклы жарық көрді. Әлеуметтік желіде де – ЮТУБ, Фейсбукте – оның өзекті тақырыптарға арналған өлеңдері өз оқырманының ілтипатына ие болып жүр,
деп түсіндірді Бегманов.
Әміржан Қосанов Одаққа неліктен мүше болғысы келгенін түсіндіріпті. Айтуынша, саясат туралы ащы өлеңдерін ескі Қазақстанда ешкім басып шығармайтын, енді Жаңа Қазақстанға сенімі мол.
Ескі Қазақстан кезінде жазылған өлеңдерім ащылау ғой. Жаңаөзен, Желтоқсан… жалпы айтқанда әлеуметтік лирика жаздым. Кейде билік, жемқорлық, сайлау тақырыбында да қалам тербедім. Ескі Қазақстан кезінде оны ешкім басып шығармайтын. Жаңа Қазақстанда көреміз енді, уақыт керек, жинақтау қажет. Бәрі ретімен болып жатса кітап етіп бастырамыз,
дейді Әміржан Қосанов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…