Categories: Әдебиет

Екеуара хайп: Саидмурад Довлатов Жазушылар Одағына мүше болды

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегмановтың «Жас Алаш» басылымына берген сұхбатына сәйкес, биыл Қазақстан Жазушылар Одағына жаңа 19 мүше қабылданған. Олар:

  1. Арынова Мәриягүл – аудармашы
  2. Зәңгіров Ермекбай – жазушы
  3. Земсков Михаил – жазушы
  4. Давлатов Саидмұрад – жазушы
  5. Кенжеев Бақыт – ақын
  6. Кендін Шынар – ақын
  7. Көшербаева Есенкүл – жазушы
  8. Қизатұлы Көкбөрі Мүбарак –ақын
  9. Қисықов Бекнұр – жазушы
  10. Қонарбаев Аллаберген – ақын
  11. Қосанов Әміржан – ақын
  12. Қылышбеков  Қуат– ақын
  13. Мауыт Нұрымжан –жазушы
  14. Мәдібаева Қанипаш – әдебиеттанушы
  15. Өмірзақов Өмірбай – ақын
  16. Сахарбаева Карима – жазушы
  17. Серебрянский Юрий – жазушы
  18. Трисеев Владимир  – ақын
  19. Ыбраев Артур – ақын

Байқағандарыңыздай, арасында ресейлік бизнес-тренер, инфобизнесмен Саидмурод Давлатов та бар. Қасымхан Бегмановтың айтуынша, Давлатовтан өтініш келіп түскеннен кейін оның шығармашылығын біраз зерттеген.

С.Давлатовтың одаққа қабылдау туралы өтініші түскенде, оның құжаттарын зерттедік. Ол үлкен табысқа жеткен қаламгер екен. 14 кітаптың авторы, оның жетеуі қазақ тіліне аударылған. Кітаптарына сұраныс зор, жүздеген мың таралыммен тарап жатыр. Бұл жерде біз оқырманның талабымен де санасып отырмыз. Заман мен қоғам өзгерген сайын кітаптардың да жанры мен тақырыптары өзгереді емес пе? Тіпті әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды боп көрмеген жанрлар мен формалар пайда болуда. Болашақта ол жағын да ескеруіміз керек,

деді Қасымхан Бегманов.

Сондай-ақ биыл Одаққа саясаткер Әміржан Қосанов та мүше болған. Оны да мүшелікке бекер қабылдаған жоқпыз деп отыр Одақ басшысы. Айтуынша, Қосанов ақын ретінде де танымал.

Қосанов қаламгер емес, саясаткер ретінде белгілі адам. Иә, ол көпшілікке, ең алдымен, саяси қызметімен таныс. Бірақ та әдебиетке жақын қауым оны ақын ретінде де біледі. Оның өлеңдері кезінде «Қарлығаш», «Жаңаөзен» жыр жинақтарында, Жазушылар одағының органдары «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын», «Таңшолпан» журналдарында жарияланған. Өткен жылы «Жұлдыз» журналының он екі санында оның «Қазақ, қайда барасың?» атты публицистикалық мақалалар циклы жарық көрді. Әлеуметтік желіде де – ЮТУБ,  Фейсбукте – оның өзекті тақырыптарға арналған өлеңдері өз оқырманының ілтипатына ие болып жүр,

деп түсіндірді Бегманов.

Әміржан Қосанов Одаққа неліктен мүше болғысы келгенін түсіндіріпті. Айтуынша, саясат туралы ащы өлеңдерін ескі Қазақстанда ешкім басып шығармайтын, енді Жаңа Қазақстанға сенімі мол.

Ескі Қазақстан кезінде жазылған өлеңдерім ащылау ғой. Жаңаөзен, Желтоқсан… жалпы айтқанда әлеуметтік лирика жаздым. Кейде билік, жемқорлық, сайлау тақырыбында да қалам тербедім. Ескі Қазақстан кезінде оны ешкім басып шығармайтын. Жаңа Қазақстанда көреміз енді, уақыт керек, жинақтау қажет. Бәрі ретімен болып жатса кітап етіп бастырамыз,

дейді Әміржан Қосанов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago