Categories: Қоғам

«Екі-ақ жыл оқыдым»: әлемдегі ең үлкен ұшақты қазақ жігіті басқарады

Әлемдегі ең алып лайнердің бірін қазақ жігіті басқарады. Біржан Талғатбекұлы бүгінде 600 адам сыйып кететін әуе кемесінің ұшқышы. Бір қызығы Талғат ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл ғана оқыған. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе команиясы Қазақстаннан шақырып алған. Келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Талғат алып ұшақпен әлемнің түкпір-түкпіріне жолаушыларды тасып жүр, деп жазды Azattyq Ruhy ақпараттық агенттігі.

Қазір Біріккен Араб Әмірлігінде әлемдегі ең үлкен Airbus A380 ұшағында екінші пилот болып жұмыс істеймін. Көбіне АҚШ, Аустралия, Еуропаның ірі қалаларына ұшамыз, жалпы дүниежүзінің барлық континенттеріне рейстер бар. Үлкен ұшақ болған соң ұзақ рейстер жасаймыз. Орташа алғанда 12-13 сағатты алады, ең ұзақ сапар Біріккен Араб Әмірліктерінен АҚШ-тың Калифорния штатына ұшу кезінде болады. Ондай сапарларда 16-17 сағаттай әуеде боламыз.

Біржанды алпауыт шетелдік компанияның басшылары үш күндік сынақтан соң бірден жұмысқа қабылдаған. Ол алғашында Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. Алайда бірінші курсты бітірген соң оқуды тастап кеткен. Air Astana-ның Ab-Initio ұшқыштарды дайындау бағдарламасы бойынша емтихан тапсырады. Сынақтан сүрінбеген қазақ жігіті осылайша Америкадан бірақ шыққан.

Солай АҚШ-тың Флорида штатынан шақырту алдым. Стэнфорд қаласындағы «Aerosim Flight Academy-ге оқуға түстім. Ол жерде бір жарым жыл оқыдым. Кейін Белгияның Шарлеруа қаласындағы «Belgian Flight School» ұшқыштарды даярлау мектебінде 3 айдай оқыдым. Осылайша бас-аяғы 2 жылда дайын ұшқыш болып шықтым.

Оқуын бітірген соң Біржан еліміздегі отандық әуе компаниясында ұшқыш болып 7 жыл істеген. Осыдан екі жыл бұрын әлемдік алпауыт компанияға тағы да құжаттарын жіберген. Қазақ жігіті шетелдік компаниялардың төлейтін жалақысы елдегі айлықпен салыстырғанда әлдеқайда көп екенін, әрі қызметкерлерге жан-жақты жағдай жасалғанын айтады.

Біріккен Араб Әмірлігінде ұшқыштарға барлық жағдай жасалған. Компания тұратын үйді өздері береді. Шағын отбасы болса қаладан пәтер жалдап береді. Көп балалы отбасы болса, жер үйден береді. Ұшқыштың балаларын халықаралық оқу орындарында тегін оқытады. Медициналық сақтандыру бар және жылына бірнеше рет ұшу билеттерін тегін береді.  Ұшқыштың физикалық және психологиялық денсаулығы үнемі әлемдік стандартқа сай болуы керек. Ұшқышқа да қойылатын талап өте жоғары. Аспанда болуы мүмкін күрделі жағдайларға әрдайым дайын болу керек.

Шетел әуекомпаниясында жұмыс істеу мен үшін үлкен тәжірибе мектебі. Әлемнің әртүрлі мекеніне ұшып, әртүрлі ұлт өкілдерімен әріптес болу, олардың әдет-ғұрпын, тілі мен мәдениетімен танысу көңіл көкжиегімнің ашылуына әсер етті. Қазақстаннан шыққан ұшқыштар Катар, Вьетнам, Гонконг тағы басқа да дүниежүзілік әуекомпанияларда істеп жатыр. Қазақстанда авиация саласын дамытуға әлі де көп жұмыс жасалу керек.

Біржанның балалық шағы Алматының іргесіндегі Байсерке ауылында өткен. Оның әкесі де авиация саласында ұзақ жыл жасапты. Талғатбек Кәмісханұлы Моңғолияның Бай-Өлке аймағынан тәуелсіздік алған жылдары тарихи отанына көшіп келген.

1993 жылы ШҚО-ның  Біржан деген ауылында дүниеге келдім. Әкем Талғатбек Кәмісхан  Мәскеу облысындағы Егорьевск қаласында Чекалов атындағы авияциялық техникалық колледжін, сосын Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында тәмәмдаған. Алматы қаласындағы  ұшақтарға техникалық қызмет көрсету орталығында Ан-24, Ту-134, Як-42, Ту-154 ушақтардына инжинер-механигі болып жумыс атқарған. Балалық шағым Алматы облысындағы  Байсерке ауылында өтті. Мектепті Алматыдан оқыдым. Сабақтан бос  уақыттарда әртүрлі спорт секцияларына, домбыра үйірмелеріне де қатыстым. Бүгінде отбасыммен Дубайда тұрам, бір баламыз бар,

деді ұшқыш.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago