«Екі балам шетінеп кетті»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейді қалай асырап алғанын айтты

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова “1001 түн” бағдарламасында денсаулығына байланысты сәби көтере алмағанын мойындап, Мерейді асырап алуды күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзі ұсынғанын жасырмай айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Менің екі балам шетінеп кетті. Денсаулығым нашарлаған соң Зәкең екеуіміз бір баланы асырап алайық деп жүргенбіз. Сөйтіп келінім үшінші қызды дүниеге әкелді. Сонда Зәкең: “Екі қызы бар ғой, бұл қызды бізге берсе не болады?” деді. Мен 9 ай толғатып, өмірге әкелген баласын ешкім бермейтін шығар деп ойладым. Келінім перзентханадан шығатын күні екеуіміз ұшып бардық, Зәкең анамның, келінімнің алдынан өтіп: “Мақпал да бақытты болсын. Осы қызды бізге беріңдер. Бұл қыз құт болып келіп, келін бірден ұл туады” деді. Қазақтың ырымы ғой. Анам да Зәкеңді сыйлап: “Иә, Мақпалым да бақытты болсын. Берейік, сендердің қолдарыңа берсек, жаман қыз болмас” деп бізге ақ батасын берген еді. Содан біз Мерейімізді перзентханадан алып шықтық. Сөйтсем Зәкең маған айтпай Қарағандының әкіміне хабарласып, қыздың құжатын толтыртыпты”, – дейді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова Мерейдің туған бауырларымен де жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.

“Мерей расымен, құтты қыз болды. Біз алып кеткен соң келінім Бексұлтан, Бекайдар деген ұлдардың дүниеге әкелді. Мерейдің екі інісі, екі әпкесі бар. Олардың бәрін өзімнің балаларым десем болады. Өзім ұзатып, үйлендіріп жатырмын. Менің қызым бақытты. Бауырларымен өте жақсы араласады. Мерей Зәкеңнің өзі беріп кеткен “Заманбек” деген тегін ауыстырмайтынын айтты. “Менің әкем – Заманбек. Мен папамды жақсы көремін” деп айтып отырады. Өйткені мен солай тәрбиеледім. Зәкеңнің өзі Мерей 18-ге толғанда бар шындықты айтамын деген еді. Бірақ өзі өмірден өтіп кетті. Мен де өмірден кетіп өтіп кетпей тұрып шындықтың бетін ашып кетейін дедім. Басында Мерей сенген жоқ, жылады. Бірақ соңында мені анасы ретінде мойындады”, – дейді Мақпал Жүнісова ақтарыла.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago