Илон Маск пен Марк Цукерберг бірін-бірі төбелесуге шақырды

Әлемдік сенсация!

Әлемге танылған екі миллиардер Илон Маск пен Марк Цукерберг жекпе-жекке шығады. Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында Цукерберг мырзамен «октагонда төбелесуге дайын» екенін жазды.

Facebook басшысы Цукерберг «маған төбелесетін орынды жібер» деген жазумен шақыруды қабыл алды. Бүкіл әлем «не болады екен» деп күтіп отыр.

Соңғы жылдары Илон Маск пен Марк Цукербергтің қарым-қатынасы қиындап кетті. Араларындағы келіспеушілікті ортағасырлық серілерге (рыцарь) ұқсап жұдырықпен шешпекші.

Жекпе-жек мамандары спорттық дайындығы жағынан 39 жастағы Цукерберг ұтымды көрінетінін айтады. Ол қарсыласынан 12 жас кіші әрі ол үнемі жаттығады, жекпе-жек өнерінде жетістіктері де бар. Бірақ бұл Маскті жеңуге жеткіліксіз болуы мүмкін. Илонның салмағы мен бойы үлкен. Маск өзінің қарсыласы Цукербергті  жерге алып ұрып, бүкіл жекпе-жек бойы үстінде шығып отыратынын айтты.

Жақында 52-ге толатын Маск мырза Twitter-де: «Мен Морж деп аталатын керемет тәсілді қолданып, қарсыласымның жығып алып үстіне шығып, ештеңе істемей отырамын» деген жазба таратты.

Әзірше, екі миллиардер тек әлеуметтік желілерде сөз қағыстырғаны болмаса төбелес шартына қол қойған жоқ. Дегенмен, олардың арасындағы мүдделер қақтығысын ескере отырып, Маск пен Цукерберг октагонға шығуы әбден мүмкін.

Мұндай төбелес тек ММА жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып қана қоймай, жұдырықтасуды ғасыр жекпе-жегіне айналдыратыны анық. Алайда, Маск пен Цукерберг торда кездессе, ақша табу үшін емес, өздерінің имидждерін күшейту үшін төбелеседі.

Спорттық журналистер бұндай жекпе-жектің болу ықтималдығы жоғары дейді. Олардың айтуынша, «негізінен Илон Масктың жеке басының және тосын мінезді табиғатының арқасында» жақсы төбелес болады. Кім жеңеді деген сұраққа, мамандар былай жауап беруде: «Тек Цукерберг! Ол 12 жас кіші. Ол әлдеқайда кіші.

Мамандар Илон Масктің бұған дейін де бірнеше рет әпенді мәлімдемелер жасағанын ескертеді. Мысалы, сәуір айында ол BBC-ге өзінің итін Twitter-дің бас директоры етіп тағайындағанын жазса, 2017 жылы Нью-Йорк қаласын Вашингтонмен, Филадельфиямен және Балтимормен жалғайтын гипер цикл деп аталатын ұшқыр пойыз жүйесін жасау үшін «үкіметтің ауызша келісімін» алғанын мәлімдеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago