Атақ және ақша

«Екі жаққа кеттік»: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растады

Көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш айырылысып кетті. 

Балжан Бидаш соңғы кезде көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан “рас па, өтірік пе” деген ақпаратты “біз екі жаққа кеттік” деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан,

деп болған жағдайға қарамастан Жаханға қолдау білдірді.

Балжанның жазбасынан кейін желі қолданушылары өкінішін білдіріп, демеу көрсетті.

“Балжан үй сатып пәтерлеп жүргенде жанында жүрді. Еркектерге бәрібір екені тағы дәлел”, “Балжан күшті келін бола білді”, “Өте өкінішті. Әдемі жұп едіңіздер. Алла тіл көзден сақтасын”, “Балжан ақылды әйел. Бақытқа лайықсыз”, “Көргенді текті қызды көрсеттің, жарайсың”, – деп жазды желідегілер.

 Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев парақшасында Instagram-да Балжанмен түскен видеоны жариялап “Бәрі бітті” деген жазба қалдырған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago