Фото: ашық дереккөзден
NBC News-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға өткен аптада АҚШ-тың Огайо штатындағы Норуолк қаласында болған, бірақ ол туралы енді ғана белгілі болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 31 жастағы Лора Илг 911 нөміріне қоңырау шалып, диспетчерге жүктіліктің 33 аптасында екенін және екі жасар ұлы арқасына оқ атқанын хабарлаған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері оның алғашқы қоңырауынан үш минут өткен соң 13:14-те жеткен. Анасы да, екі жасар ұлы да жоғарғы қабаттағы жатын бөлмеден табылады. Тапанша да сонда болған. Анасының өтініші бойынша ұлы бөлмеден шығарылған.
Жүкті әйел Фишер Титус медициналық орталығына жеткізіліп, шұғыл түрде кесарь тілігі жасалды. Лораның іштегі баласы 911 қызметіне қоңырау шалғаннан кейін бір сағатқа жетпей қайтыс болғаны анықталды, ал әйелдің өзі сағат 17:10-да көз жұмды.
Ұлы анасын SIG Sauer P365 тапаншасымен атқан. Илг пен оның күйеуі мылтық жатын бөлмедегі тумбочкада сақталғанын айтты. Полицияның хабарлауынша, үйде тағы 12 калибрлі шолақ мылтық пен пневматикалық тапанша болған.
Ешқандай айып тағылған жоқ. Полиция тергеу нәтижесі жергілікті прокуратураға берілетінін мәлімдеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…