Екібастұз бен Риддердегі апатқа жалған ақпарат себеп болған

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының әкімдіктері жылу маусымына дайындық туралы жалған ақпарат берген. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қыркүйек айында жылу маусымы бойынша арнайы Үкімет отырысы өткен. Сол кезде әкімдіктер жылыту маусымына сақадай сай дайынбыз деді. Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады. Алайда, жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. 2 айдың ішінде Риддер мен Екібастұзда екі бірдей ірі апат болды. Салдарынан халық зардап шекті.

Сондай-ақ, ол осыған ұқсас жайттар Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларында болғанын еске салды.

Жылу жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Оларды кейінге шегеруге болмайды,

деді Үкімет басшысы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago