Фото: almaty.tv
Тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш түсті.
Қала бойынша 12 жылыту бекеті бар. Оның ішінде 7 бекетте тұрғындардан өтініш қабылданады. Өтініште залалдың себебі мен келген шығын көлемін нақты көрсетуі тиіс. Егер үй иесі келген залалды өз есебінен өтеп, жөндеген жағдайда фискалдық чек талап етіледі. Тұрғындардың өтініші негізінде арнайы комиссия істі үш күн бойы қарайды. Содан соң шығын өтеледі.
Өз кезегінде Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук апат шығынын есептеу жұмысының басталмағанын айтты.
Шығын көлемін есептеу әлі басталған жоқ. Апатты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Содан соң ғана әкімдік залалды анықтау жұмысын қолға алады. Тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш түсті. Бірақ, нақты санды айта алмаймын,
дейді ол.
Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.
Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.
Айта кетсек, жедел штабтың бүгін түстегі ақпаратына сәйкес, Екібастұздың көпқабатты 71 үйдің жертөлесіндегі тораптарға жылу берілді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…