Екібастұздағы төтенше жағдай: тұрғындарға өтемақы төленеді

Екібастұздағы апат жағдайында шығынға ұшыраған азаматтардан өтініш қабылданып жатыр. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Екібастұз аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізу нәтижесінде қала әкімі ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жылыту пункттерін ұйымдастырып жатыр.

Екібастұз әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған азаматтар қала әкімінің атына еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді.

Өтініште өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі), нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы, зақымдану себебі көрсетілуге тиіс. Өтініштерді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді,

– делінген хабарламада.

Өтініштер күн сайын 09.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжайлар бойынша жылыту пунктілерінде қабылданады:

1) № 17 орта мектеп – Рабочая көшесі, 1;                                                                   

2) № 4 орта мектеп – Абай көшесі, 84;
3) № 23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 24;
4) № 36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 23;
5) № 22 орта мектеп – Әуезов көшесі, 54а;
6) № 21 орта мектеп – Петренко көшесі, 7;
7) «Өнер» МКК – Әуезов көшесі, 62а;
8) Музыкалық мектеп – Әуезов көшесі, 55/1.

27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 час ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago