Categories: Қоғам

Екібастұздағы жағдай: 25 көппәтерлі, 90 жер үй жылусыз отыр

Павлодар облыының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұздағы жағдай бойынша есеп берді.

Оқиғаның өрбіген хронологиясы:

27 қараша күні Екібастұз жылу-электр орталығының №11 қазандығы апатты түрде тоқтатылды. Кейін жылумен жабдықтау желілеріндегі қысымның төмендеуіне байланысыт тағы да 3 қазандық толқтатылды. Себебі желі ішіндегі су нормадан үш есе артық кетіп тұрды. Салдарынан жылу-электр орталығы 52,37-ге төмендетілген параметрлермен жұмыс істеді. Норма бойныша 87,56 болу керек. Сол уақыттан бастап жедел штаб құрылып, барлық қажетті ресурстар тартылды, жалпы төтенше жағдай жарияланды.

Апаттан кейін 149 көппәтерлі түрғын үй және 15 әлеуметтік нысан жылусыз болған. Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері бойынша 15 елеулі зақымның 14-і жойылды. Нәтижесінде желі ішінде ыстық судың кетуі 3,2 есеге дейін төмендеді.

28 қараша күні таңға қарай қабылданған шаралар 132 көппәтрелі тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысанды жылуға қосуға мүмкіндік берді. Осылайша сол уақытқа қарай 17 көппәтерлі тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылусыз қалып тұрды. Стансадағы температура – 87,59. 10 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұр. Қажетті жұмыстарды жүргізуге 25 бригада және 37 техника тартылды.

Соған қарамастан, 29 қараша күні таңға қарай тағы да 25 көппәтерлі және 90 жекеменшік үйдегі ішкі жылу жүйесінде проблемалар пайда болған.

Бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Өз кезегінде жылу желісінде ыстық су бар. Бірақ аталған үйлердегі ішкі жылу жүйесін қалпына келтіруміз керек. Сол үшін қосымша тағы да 23 бриагада тағы басқа қалалардан көмекке келді. Сонымен қатар жылусыз отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылыту құралдары жеткізу ұйымдастырылды,

деді облыс әкімі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago