Қоғам

Екінші Ауғанстанды қолдан жасап алмайық — Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек ұлт арасына іріткі салушылар көбейгенін айтып, дабыл қақты. Айтуынша, елде жағдай әлі де тұрақты емес, сондықтан абай болу керек.

Елде жағдай әлі де тұрақты емес! Қаңтардан кейін таракандар сияқты жан-жаққа қашқандар, елде қайта төңкеріс жасауға келген жоқ па? Қара жамылғандардың тик-токта отырып ауыздарына келгенін оттауы, “домбыраны харам, хиджап шешпейміз” деп ұрандаулары бәрі бекер емес!
Бұлар бір миссиямен жүр!

деп мәлімдеді адвокат.

Айгүл Орынбектің пікірінше, елде төңкеріс жасағысы келіп жатқандар халықтың психикасын жақсы зерттегендер және олар халық қандай тақырыпқа тез көтерілетінін жақсы меңгеріп алған. Және ендігі мақсаттары — көп ұлт тұратын елді мекендерге барып, ұлттар арасында неше түрлі оқиғаларды қолдан жасап, халықты көшеге шығаруды ұйымдастырмақ деп болжады.

Қазақ қызын өзбек зорлады немесе өзбек қызын қазақ зорлады деген тақырыптарға мұқият болыңыздар, халқым! Олардың қолында әлі де біраз күш пен ақпараттық қолдау бар! “Ойбайлатып көздерін ағызып тұрып” шығарып берген ақпараттарға сене бермеңіздер! Қолдарына билікті алғысы келіп жатқандар тыныш жатқан жоқ. Олар билікті халықты көшеге шығару арқылы ғана құлата алады. Сол үшін әрбір шыққан ақпаратты зерделей біліңіздер! Көп дүниелерді білмей жатып даурығып, атойлап көшеге шығып жүрмеңіздер! Ендігі көтерілісті бұлар мешітке баратын жамағат арқылы немесе ұлтараздық арқылы жасағылары келіп отыр. Сол үшін абай болыңыздар!

деп ескертті ол.

Заңгер Ринат Зайытовқа жасалып жатқан ақпараттық шабуыл бекер емес екенін айтады. Бұдан кейін ол елімізді арам ойлы сақалды сәләфиттерге беріп қоймайық деп елді бірігуге шақырды.

Екінші Ауғаныстанды өзіміз қолдан жасап алмайық,   

деп түйіндеді Айгүл Орынбек өз сөзін.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago