Руханият

Екінші рет тұрмыс құрған келіннің беті ашыла ма? Этнограф жауабы

Бұрын тұрмыста болған келіннің беті ашыла ма? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын этнограф Болат Бопайұлынан сұрап көріпті.

Осыдан бір ай бұрын қарындасымен дуэт айтып танылған әнші Ринат Шамшырақ үйленді. Әнші әлеуметтік желіге тойындағы беташар рәсімінен видео жариялады. Шаңырақ көтерген әншінің тойындағы беташар рәсімі халықтың сынына қалды. Көпшіліктің айтуынша, бұрын тұрмыста болған келіннің беті ашылмайды, яғни қазақта екінші рет тұрмысқа шыққан әйелдің беташары жасалынбайды. 

Желі қолданушылары ашуланып, видео астына түрлі пікір қалдырған. 

Қайтып келген әйелдің беті ашылмайды, тек орамал ауыстырады», «Бір қызға, екі жар-жар жоқ, дәстүрді бұзбау керек», «Ата-баба дәстүрін ұстану, оны дұрыс сақтау, келер ұрпаққа дұрыс жеткізу бәрімізге міндет. Қыз баласының беті екінші рет ашылмаған, ашылмау керек», «Қыздың беті бір ашылса, беташар болмайтын еді ғой», «Мына беташарда отырған егде жастағы кісінің бәрі мәңгүрт боп қалғанба? “Ей, адамдар» — деп біреуі бас көтеріп шықпаса, қазақтың салт-дәстүрі мақұрым қалғаны да. Бұндай көзбояушылық неге керек? Әнші болса ол да Пайғамбардың үмбеті. Айту керек, тоқтату керек бассыздықты,

деп жазған олар.

Осы тұста Massaget.kz тілшісі халықтың айтқан бұл сөзі қаншалық дұрыс екенін білу үшін этнограф Болат Бопайұлынан сұрап көрді. 

Этнографтың айтуынша, беташар рәсімінің жасалынып-жасалынбауы тұрмыс құрып отырған әйелдің жасына байланысты. 

Беташар деген қазақтың ең маңызды салт-дәстүрінің бірі. Түскен жас келіннің бірінші несібесі деп айта аламыз. Келін жаңа отбасының әрбір мүшесіне деген құрметін көрсетіп, олармен танысатын салт. Егер әйелдің жолдасы қайтыс болып, ол жастайынан жесір қалса, екінші рет тұрмысқа шыққанда егде жаста болмаса, оның беті ашыла береді. Яғни бұрын тұрмыста болған жас келіннің беташары жасалына береді. Ал егде 50-60 жастағы, балалары ержетіп-бойжетіп қалған әйелдің беті ашылмайды. Қазіргі кезде тұрмыс құрып, бір-екі жылдан кейін бір баламен ажырасып кететіндер бар ғой, олардың жасы 25-30 аспаса, беташар рәсімі жасалына береді, 

дейді Болат Бопайұлы.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде тойда әйелдің бесік үстіне мініп, шауып жүрген видеосы тараған еді. Видео астына Желі қолданушылары қалдырған пікірге сүйенсек, бұл салт-дәстүр көбінесе Батыс өңірде жасалынады. Әдепті, көпті көрген қария апалар бесікке 7 ер адамның киімін жауып, «салмақты, абыройлы, әдепті, атақты, көпшіл» болсын деп мініп ырымдайтын көрінеді. 

Желі қолданушыларының арасында туған пікірталасқа байланысты Massaget.kz тілшісі бұл ырым туралы білу үшін этнограф Болат Бопайұлының көмегіне жүгінді. Этнограф қазақта мұндай ырымның бар-жоғын айтып берді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago