Экология және табиғи ресурстар министрі елімізде ауа сапасы өте лас 10 қаланы атады. Бұл туралы ведомствода өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.
Министрлікте өткен кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Зүлфия Сүлейменова өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Ол өз баяндамасын экология мәселелерінен бастады.
Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелері көрсеткендей, 45 елдімекеннің 10 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары. Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер екендігі анықталды,
деп атап өтті министр.
Эмиссияларды төмендету бойынша нақты жұмыстар ірі ластаушы кәсіпорындар бөлінісінде де жүргізіледі. Мәселен, «АрселорМиттал Теміртаудың» ластаушы заттар шығарындыларының лимиті 16%, яғни 250 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін төмендетілген. Ал 2021 жылы 325 мың тонна болған. 2025 жылға дейін лимитті 149 мың тоннаға төмендету жоспарлануда.
Экология министрінің халықпен кездесуі барысында бірнеше рет қалдықтарды басқару бойынша проблемалық мәселелер көтерілген. Саланы дамытуды сапалы жоспарлау мақсатында әкімдіктер қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу жұмыстарын бастады. Бұл ретте министрлік тиісті әдіснамалық көмек көрсетеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…