Categories: Қоғам

Экология министрі өрт кезінде көз жұмған орманшылардың соңғы сөзі туралы айтты

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде орманшылардың рация арқылы айтқан соңғы сөздері туралы айтты.

Сүлейменова көз жұмған азаматтардың жақындарына көңіл айтып, өрт басталғанда бірінші болып оқиға орнына орманшылардың аттанғанын мәлімдеді. Алайда 8 маусымда олар байланысқа шығуды доғарған. 

Кеше 14 адамның мәйіті табылды. Біз 8 маусымда 21:00-ден кейін, 22:00-ге таяу байланысты жоғалттық. Рациямен соңғы рет желдің бірден бағытын өзгертіп, түтін басқанын айтты. Барлығы дұрыс болады деп үміттендік. Қою түтіннен оларды табу мүмкін болмады. Кеше мәйіттері табылды. Осы жағдайды пайдаланып, өрт сөндіру кезінде көз жұмған азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтқым келеді,

деді Зүлфия Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, жағдай әлі де күрделі. Жел күшейген. Сондай-ақ ауа райы болжамына сәйкес алдағы бірнеше күнде қатты жел соғады. 

Жалынды оқшаулап, ұстап тұруға тырысамыз. Келген зиян көлемі есептеледі. Комиссия жұмыс жүргізеді. Барлығын аз уақытта істеуге тырысамыз, бірақ өрт сөндірілген соң оқиға орнына жығу керек. Өрт кезінде мұндай жұмыстарды атқару қиын. Дегенмен қазірден-ақ шығынның үлкен екенін айтуға болады. Себебі бұл тарихымыздағы ең үлкен өрт шығар. Бұл туралы айту ерте, бәлкім шығын көлемі миллиардтаған теңге болуы ықтимал. Абай облысындағы жағдай – үлкен апат,

деді Зүлфия Сүлейменова.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда қаза тапқан орманшылар көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін “Құрмет” орденімен марапатталған еді. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago