Оқиға

Экология министрлігінің бірқатар қызметкері тергеліп жатыр — Антикор

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл департаменті Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз,

делінген Антикор таратқан мәлімдемеде.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабы бойынша өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Экология министрлігінің Дубайда өткен көрмеге қатысуы кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалар ұсталғаны жайлы инсайдерлік хабар тараған еді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінен хабарлағандай, ведомство БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясын өткізуге жұмсалған шығынға қатысты ішкі аудит жүргізген.

Оның нәтижесі қамтылған материалдар Антикорға жолданған.

Осыған байланысты 5 ақпанда Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жедел тергеу тобы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың қызметтік үй-жайындағы құжаттарды тәркіледі,

дейді министрліктен.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

2 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

2 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago