Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы беделді ЖОО-ның бірінде ұстаздық етуді жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір уақытымды балаларыммен өткізіп жатырмын. Олардың тәрбиесіне мән беріп, балабақша, мектепке алып барып, әкелумен айналысып жүрмін. Жуырда Астана қаласындағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттердің бірі ұсыныс білдірді. Біраз тәжірибеңіз бар, студенттермен бөліссеңіз деді. Өзім педагог, оқытушы болғаннан кейін маған ол жақын. Қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Қазір құжаттармен яғни оқу бағдарламасымен айналысып жатырмын,
деді Асхат Аймағамбетов тілші Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.
Экс-министрдің айтуынша, оқытушы болудан басқа да ұсыныстар түскен.
Жеке сектор бойынша да, басқа да түрлі ұсыныстар бар. Ұсыныстар бойынша соңғы шешімді жақында қоғамға жеткіземіз. Ағартушылықпен айналысу, балаларға тәрбие, білім беру, жинаған тәжірибемен бөлісуді қайда жүрсең де оны бірге алып жүруге болады. Өзім өскелең ұрпақпен тәжірибеммен бөлісуді жөн көріп отырмын,
дейді ол.
Сұхбат алушының «Демек, бұрынғы оқу-ағарту министрі университетте ұстаз болып жұмыс істеуге дайындалып жатыр ма?» деген нақтылау сауалына А. Аймағамбетов «Иә» деп қысқа қайырды.
Бұдан да басқа жоспарлар бар. Дегенмен әзірге осындай шешім. Кезінде біраз жыл ұстаз болып еңбек еткендіктен мен үшін оқытушы болу қызық. Әрқашанда жүрегіме жылы әрі жақын,
дейді білім министрлігінің бұрынғы басшысы.
Еске салайық, биыл 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылған еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…