Дін

Ел арасында теріс діни ағымдар күшейіп жатыр

Тамыры бір ваххабизм мен салафизмді еркін ойнақ салдырмауымыз керек.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, айтыскер ақын Аманжол Әлтай «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұбатында қоғамдағы діни топтарға қатысты ойын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда ел арасында теріс діни ағымдар күшейіп, жастарға кері әсер етіп жатыр. 

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар діни білім бақылаусыз қалды. Бүгін соның салдарын тартып отырмыз. Жат ағым жастар арасына тарап, салт-дәстүр мен ұлттық мүддеге бейжай қарайтын азаматтар пайда болды.

Қоғам бірнеше діни топқа бөлініп кетті. Қаншама қазақтың қыз-жігіті Сирияға аттанып, содырлардың қолжаулығына айналды. Аз уақыттың ішінде дәстүрлі мәдениетімізді мансұқтайтын буын өсіп шықты.

Мемлекеттік мүддемізге, ұлттық тұтастығымызға, ұлттың болашағына тікелей қауіп төніп тұр. Ол жат ағымдар ашық айту керек, салафизм, ваххабизм дейді, екеуінің тамыры бір. Олар ғана емес, тәңіршілдер деген де шығып жатыр. Онымен қоса, дінсіздікке итермелейтін топ та күшейіп бара жатыр. Бұлар да қауіпті. Оның барлығы жан-жақтан жұлмаласа не боламыз?

Депутат аталған мәселені шешу жолын да ұсынды. Оның пікірінше, теріс ағымдарға құқықтық негізде тыйым салу қажет. Сонда ғана қоғам жүйеге түспек. 

Ұлымыз рухты, қызымыз инабатты болсын дейтін болсақ, осындай жат ағымдардың жетегіне еріп кетпеуіне бүкіл күш-қуатымызды салуымыз керек. Олардың қалай болса солай тайраңдап, әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ, еркін ойнақ салуына жол бермеуіміз керек. Осы мәселені қазір дұрыстап ретке келтіріп, қолға алмасақ ертең кеш болады. Өйткені жат ағымдардың жетегіне кетіп қалып жатқан жастардың қатары күн сайын көбейіп бара жатыр. Көбейген сайын оның қаупі де үлкен. Сондықтан заңнамалық, идеологиялық тұрғыдан болсын, тосқауыл салмасақ болмайды,

деді депутат.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago