Categories: Экономика

Ел ішінде марқұмды соңғы сапарға аттандыру шығыны екі есе өскен

Қымбатшылық жерлеу рәсіміне де жетті. Ел ішінде марқұмды соңғы сапарға аттандыру жоралғысына кететін шығын 2 есе өскен. Мұны естіген халық «ақшасы жоқ адамға өлуге де болмайды» деп ашынып отыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Қазір желіні ашып қалсаң, діни рәсім жасаумен айналысатын агенттіктердің жарнамасынан көз сүрінеді. Солардың біріне хабарласқан тілшіге агенттік өкілі «өлген адамның жақындары тек дайынға ғана келетінін» айтқан. Тек 160 мың теңгесін төлесең болды.

Алайда жақынын соңғы сапарға шығарып салу рәсімі бұл 160 мыңмен де шектелмейді. Марқұмды жер қойнына тапсыру – бір бөлек, оған құлпытас орнату – тіптен бөлек әңгіме! Мәселен, жасыл түсті граниттен қойылған құлпытас қоршауымен 1 200 000 теңгеге барады. Оның өзі тапсырыспен 21 күнде дайындалады. Ал жай мәрмәрдан қойылатын құлпытас 500 мың теңгеге шығады.

Қарапайым адамдар негізінен арзан бағаға іздейді, қолжетімді. Енді ондай адамдардан бөлек, үлкен комплекс сұрайтындар көп келеді. 10-15 миллион теңгеден асатын тастар сұрайды, — дейді дизайнер Мейірбек Мұсабек.

Тіпті, діни талапқа сай тұрған төрт құлақты зиратты зәулім үй сияқты етіп, одан әрі үлкейткісі келетіндер де аз емес. Бірақ шырақшылар оларға марқұмның басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін түсіндіріп әлек.

Баға қанша өссе де халық бәрібір жерлеу рәсіміне жүгінуге мәжбүр. Былтыр бұл қызмет түріне төленген қаржы мөлшері 1,8 миллиард теңгеден асқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago