Categories: Білім

Елде қаңтарда тапсыратын ҰБТ басталды

Қазақстанда қаңтарда тапсыратын ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 10 ақпанға дейін өткізіледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түсті. Өтініштерді қабылдау ҚР ҒЖБМ ұлттық тестілеу орталығының Аpp.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін жүргізілген.

Қаңтардағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер, шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-дан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген ЖОО білім алушылары, ️ ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірушілер, сонымен бірге қалауы бойынша ЖОО ақылы негізде оқуға қабылданғысы келетін мектеп түлектері қатысады.

Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды. Айта кету керек, 2023 жылғы ҰБТ-да тестілеу форматы өзгеріссіз қалды. Қазақстан тарихы бойынша тестілеуге қатысушылар 20 тапсырманы, оқу сауаттылығы — 15, математикалық сауаттылық — 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырманы орындайды. Барлығы — 120 сұрақ. Ең жоғары балл — 140. Тестілеудің жалпы уақыты — 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталады. Сонымен қатар дистракторлар саны азайды (жауап нұсқалары). Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны бестен төртке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) сегізден алтыға дейін азайтылды,

делінген хабарламада.

Қаңтардағы ҰБТ-дан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларының топтарына түсуге ниет білдірушілер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырады.

Бүгін 2023 жылғы алғашқы ҰБТ басталды. Біз тестілеу кезінде ғана емес, оған дайындық барысында да жағдай жасауды жалғастырамыз. Мысалы, 11 білім беру орталығы талапкерлерге тегін онлайн сабақтар өткізеді. Оқу жылының басында ҰТО сайтында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» бойынша 100 дата, «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдебиеттер тізімі, «Информатикадан» терминдер тізімі орналастырылды. Сонымен бірге ҰБТ сұрақтары мен тест жоспары құрастырылған оқулықтардың тізімі жарияланды. Яғни талапкерлерде тестілеуді сәтті тапсыру үшін барлық мүмкіндік бар,

деді ҚР ҒБЖМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері барлық талапкер үшін компьютер экрандарында қолжетімді болады. Сонымен қатар ҰБТ қатысушыларына өздерімен қалам, су және шоколад алып келуге рұқсат етіледі.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago