Categories: Қоғам

Елдегі кедейлік – жаппай ұрлықтың салдары

Заңгер және қоғам қайраткері Ержан Есімханов ұрлықтың не себепті үлгі аларлықтай іске айналып кеткеніне таң қалды. Оның жазбасын «Жас Алаш» газеті жариялады.

Соңғы отыз жылдан бері біздің керемет елімізде сан алуан адамдар мекендеді. Бірақ осы түрлі адамдардың арасында мен ең жек көретін бір адам санаты бар. Мен ұрыларды жек көремін – үлкен-кіші, кәрі-жасы болсын. Қазір біз ескі ұрыларды әшкерелеп жатқан секілдіміз. Бірақ байлық іздеп жан-жағын аңдып отырған жаңа ұрылар шығып жатыр.

Жақында тағы бір вице-министр қамауға алынды. Оның бірнеше үйі, қымбат Bentley сияқты бірқатар көліктері және басқа да тасыған байлықтары бар. Жылдар бойы жинаған көрінеді. Ұрлықтың схемалары тым қарапайым. Ақылдың да керегі жоқ, тек «дұрыс» қызметтерге бірнеше «керек» адамдарды тағайындап қоя жеткілікті. Болды.

Қазақстанның басты кемшілігі – барлық саладағы өте төмен бәсекелестік. Егер сіз ақылды, адал және еңбекқор болсаңыз, жақсы табыс табу үшін бұл жеткілікті. Қазақстанда әлі ешкім ештеңе істемеген салалар көп. Олардың кез-келгенінде сіз бірінші болып өз ісіңізді аша аласыз. Осылайша өмір бойы ұялмай, ешкімнен жасырынбай, ешкімнен қорықпай, халықтың көзіне тік қарап өмір сүруге болады. Ұрпағыңыз сізді құрметтейтін болады. Өз алдыңызға үлкен мақсаттар қойып, өмірдің әр сәтінен ләззат алып, бақытты өмір сүруге болады.

Бірақ оның орнына ұрылар ұрлауды жөн көреді. Олар адал өмір сүруді қойып, лауазымды орынға отыру үшін небір қулыққа барады. Ал қызметке келген соң ұрлықтың схемаларын ойластыра бастайды. Өздеріне түкке де керегі жоқ «бентлилермен» үйлерін толтырады. Ал қалған өмірлерін қашан ұсталып қалар екенмін деген қорқынышпен өткізеді. Ұсталып та жатыр ғой! Бірақ ұрылардың саны азаяр емес. Және мен ұрыларды ұрлығы үшін ғана жек көрмеймін… мәселе басқада.

Біріншіден, бюджеттен ұрланған бір теңге – мемлекет үшін жүз теңгелік шығын. Ұрылар шегіртке секілді маңайында өсіп тұрған нәрсенің бәрін құртып, талап тастайды. Олар мемлекетті емес, тек өздерін байытады. Қазақстандықтардың кедейлігі, еліміздегі қайғы-қасіреттің түп-тамыры –жаппай ұрлықтың тікелей салдары. Екіншіден, ұрылар елге үлгі болып отыр. Олар эталонға айналып кеткен. Адамдар, әсіресе жастар, ұрылардан үлгі алуда – ұрлау үшін қызметке ұмтылады. Гаражыңда бес көлік, жиырма швейцариялық қол сағатың және қалтаң толы ақша болғанын абырой деп санайды. Яғни ұрылар өздері сияқты ұрыларды көбейтеді. Мұндай оңай байлықты абырой деп санаған адам қатты қателеседі. Ең үлкен абырой – ақшаны адал табу. Елге және қоғамға пайдаңды тигізу – міне нағыз абырой. Ал ұрлық жасау – өмірдегі ең жаман іс.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago