Елден кеткен қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 45 миллиардтан астам қаржы алды

Шетелге көшіп кеткен 18 мың қазақстандық зейнетақы қорынан 45 млрд теңгеден астам ақша алды, деп хабарлайды LS.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде 2022 жылдың басынан бастап ағымдағы жылдың 19 желтоқсанына дейін Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен салымшылар жалпы сомасы 45,3 млрд теңгеге төлемдер алғанын хабарлады.

Бұл ретте өткен жылдың ұқсас кезеңінде сома 20,8%-ға, яғни 37,49 млрд теңгеге, ал алушылар саны – 15 905 адамға аз болды.

2022 жылы төлемдердің ең көп көлемін рубльмен – 28,66 млрд теңге (12 343 салымшы), сондай-ақ, теңгемен – 13,28 млрд теңге (5 102 салымшы) алды. Доллармен 2,25 млрд теңге сомаға 422 қазақстандық, еуромен – 920 млн теңге (304 салымшы), фунтпен – 190 млн теңге (23 салымшы) жинақ алынды.

Фунт төлемдер Ұлыбританияға, Румынияға, Ирландияға, Швейцарияға төленді. Доллармен — Польша, Түркия, Канада, АҚШ және т.б., еурода – Германия, Польша, Нидерланды және басқа елдерге»,

деп нақтылады БЖЗҚ-да.

Сонымен қатар, зейнетақы қорының мәліметінше, осы жылдың 1 желтоқсанына зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1,3 трлн теңгеге немесе 10,2%-ға артқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago