Categories: Қоғам

Елден жыраққа көшетіндер саны азайды

Керісінше, Қазақстанға оралғандардың саны артты.

2023 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден қиыр қонып, шет жайлап кеткендер саны 2 664 адам болды.

Көші-қон сальдосы — 5 016 адам. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87% өскен, ал кететіндер саны 49,6% азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. Сандарға қарасақ, мобилизация тұсында көші-қон ағымының артқанын көруге болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

Ел ішінде көшіп келушілер саны 10,9% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларындажәне Алматы обласында (223 адам)халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасқаны мәлімделді.

Елден кетіп жатқан қазақтардың да үлесі төмендегенін байқауға болады. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 33,2% қазақ келсе, 7,6% қазақ жыраққа кеткен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

38 минут ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

18 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago