Categories: Қоғам

«Елдігімізге сын»: Абай Құнанбайұлының ұрпағы аула сыпырушы болып жұмыс істеп жүр

Абай Құнанбайұлының ұрпағы аула сыпырушы болып жұмыс істеп жүр. Адамзаттың ойшылы атанған ұлы бабамыздың ұрпағы осындай әлеуметтік тауқыметте жүргені ұлттығымызға, елдігімізге сын емес пе?

 Бұл туралы ақын, публицист Жанарбек Әшімжан өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Талғар тауларын баурайлап келе жатқанбыз. Дархан дейтін кәсіпкер інім кенеттен «Абай атамыздың Айдос дейтін ұрпағынан хабарыңыз бар ма?» дегені… Кезінде Данияр есімді шөпшегінің сұхбатын оқығанмын, Айдос деген ұрпағынан хабарым жоқ екен. Ойланып қалдым. Сосын «Абай Құнанбайұлының Ақылбаев Айдос деген тікелей ұрпағы бар, осы Алматыда тұрады…» деді. «Мүмкін болса барып сәлем берсек қалай болар екен?..»

Телефонына хабарласып еді, жұмыс орнында екен. Рұқсат сұрадық. Қарсы болмады. Бардық. Жұпынылау киінген дембелше кісі аулаға шықты.  Кеңірек таныстық. Әңгімелестік. Қазақшаға шорқақтау екен. Асылдың сынығы, алтынның ұнтағы емес пе, болмысынан тектілік, зиялылық, ақсүйектік аңқып тұр. Көзінің оты бар. Ұлы бабасына келбеті де келетіндей. Бойын жаман әдеттерден мүлде аулақ ұстайтынын айтты.

Абай атамның тұқымы екенімді көп адамға айтпаймын, мына мейрамханадағылар да білмейді. 2020 жылы бабамның 175 жылдығында Семейге бардым. «Абай балаларымен» деген ескерткіштің ашылуы болды. Ақылбай атам мен Тұрағұл атамды екі қапталына алған бабамның ескерткіші керемет шығыпты. Осыны арнайы тапсырып, жасатқаны үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұрпақтары атынан ерекше ризамын!

деді Айдос ағамыз.

Алматының «Арбатындағы» мәлім мейрамханалардың бірінде аула сыпырушы болып жұмыс істейді екен. Еңбекақысы — 150 мың теңге. Осыны естігенде жанымыз жүдеп, көңіліміз алай-дүлей болып кетті…

деп жазды Жанарбек Әшімжан.

Айдос Ақылбаев 1967 жылы Алматы қаласында дүниеге келіпті. Украинаның әйгілі Кривой рог қаласындағы Авиациялық училищеде оқыған екен. Оқу бітіргенде кеңестер одағы күйреген, сосын бұйырған жұмыстармен айналысыпты. Жалғыз қызы — Александра осы күндері Саратов қаласының тұрады.

Шежіре бойынша: Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағфұр – Эрнест – Айдос.

Яғни, Айдос ағамыз — Абай атамыздың неменесі болады.

Айдос ағамыздың жұмысы сағат 16.00-де аяқталады екен. Білінер-білінбес себезгілеп жауып тұрған жаңбыр да тоқтаған. «Үйіңізге дейін шығарып салайық» деп едік, қарсы болмады. Аз уақыт күттік. Шағындау дорбасын көтеріп шықты. Тиісті мекен-жайға алып келдік. Бес қабатты көне үйдің бесінші қабатында бір бөлмелі үйде зайыбымен тұратынын айтты…

Ұлы Абайдың соңғы тұяғы ғой. Данияр деген немере бауыры барын айтты, көп жылдардан бері байланыстары жоқ секілді. Еркек атаулыдан қалған осы екеуі ғана екен. Адамзаттың ойшылы атанған ұлы бабамыздың ұрпағы осындай әлеуметтік тауқыметте жүргені ұлттығымызға, елдігімізге сын емес пе?!. Ойланайық!

деді ақын.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago