Categories: Экономика

Электр энергиясының бағасы қымбаттайды

Үкімет отырысында Әлихан Смайылов тарифтерді өсіру – қажеттілік болып отырғанын айтты. Оның сөзінше, энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өседі. Бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес.

Айта кететін бір жайт, тарифтердің өсуі аз қамтылған отбасылардың табысына әсер етпейді.

Бұл мәселе жан-жақты пысықталды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі берілуде.

Коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар отбасының ай сайынғы орташа жиынтық табысының 10%-нен асып кеткен жағдайда төленеді. Қазір орталық және жергілікті атқарушы органдар коммуналдық секторда ауқымды жұмыстар жүргізуде. 

Үкімет басшысы берген мәліметтерге сүйенсек, станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді, сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салған жоқ.

Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды. Ал, энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті. Металл мен құбырлар,   арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өсті,

деді ол.

Сондай-ақ ол жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кете бастағанын айтты. Өйткені кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмай отыр.

Бұған қоса, 2021 жылдан бастап Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы пайда болды. Сондықтан, тарифтерді өсіру – қажеттілік.

Сондай-ақ ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы инфрақұрылымның жағдайы өте күрделі екенін баса айтты.

Оны жақында ғана Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында орын алған   апаттан да анық байқадық. Апаттың салдарынан Маңғыстау және Атырау облыстары жарықсыз қалды. Екі өңірдегі ірі өнеркәсіп орындары айтарлықтай зиян шекті, олардың көпшілігі 2 тәуліктен артық жұмыс істемей тұрды. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тек үшінші тәулікте ғана іске қосылды.

Премьер-Министр өткен жылыту маусымында шұғыл шешуді қажет ететін проблемалардың көп болғанын атап өтті.

Барлық инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауқымды инвестиция қажет. Себебі, олардың көпшілігі өткен ғасырдың ортасынан бері жұмыс істеп келеді. Сондықтан, тіршілікке қажетті жүйелерді тиімді жаңғырту және күрделі жөндеу үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты ұсынылды.

Смайылов берген ақпаратқа сәйкес, бұл тәсіл энергия ұйымдарының қолданыстағы активтерін қайта жаңғыртуға және кеңейтуге, энергия жүйесі жұмысының сенімділігін арттыруға және жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago