Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда электросамокат пен мопед жүргізушілеріне қатысты талап күшейтілді. Мәжіліс тиісті заңды да қабылдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жүргізуші куәлігі болуы шарт Бұдан былай заң бойынша электрсамокаттар жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көлік құралдарына жатады. Онымен велосипед жолағымен де, жолдың жиегімен де шектеусіз жүруге болады. Сонымен қатар электр самокаттарға жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.
Негізгі талаптар:
Самокатпен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Тротуарларда жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмау қажет. Ал жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өту керек.
Айыппұлдың көлемі қандай
Электрсамокатпен жүретін адамның басында шлем, ал үстінде жарық шағылыстыратын элемент болмаса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оған ескерту жасалады немесе 3 АЕК (биыл – 10 350 теңге) айыппұл салынады.
Жолаушылар мен жүктерді тасуға қатысты шектеу бұзылса, 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Тротуармен жүретін электрсамокаттың жылдамдығын анықтау қиын. Дегенмен сағатына 6 шақырым шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең.
Сондықтан тәртіп бұзушыны сырттай көзбен анықтауға болады. Бұдан бөлек, полицияда жылдамдықты анықтайтын «Кибер-шериф» жылжымалы кешендері бар. Соның көмегімен нақты жылдамдықты тіркеуге мүмкіндік бар. Кәмелетке толмаған балалар мінген электросамокат жол апатына ұшыраса, онда заң бойынша ата-анасы жауапқа тартылады.
Мопед пен электрсамокатқа қатысты шектеулер
Заң бойынша мопед пен электрсамокат мінетіндерге велосипедшілермен бірдей шектеу белгіленген. Жол жүру ережесіне сәйкес, бірнеше талапты қатаң сақтауы қажет. Оны бұзған жағдайда айыппұл салынады.
Негізгі шектеулер:
Сондай-ақ велосипед жолағы мен жол қиылысқан жерде бағдаршам болмаса, көлікке жол беру керек.
Алматыдағы пилоттық жоба
Биыл наурыз айында Алматы қаласының полициясы «Сергек» арқылы мопедпен жүретін курьерлерді бақылау бойынша пилоттық жобаны қолға алғна болатын. Соның аясында курьерлікпен айналысатын барлық компаниялардың жеткізу қызметкерлері туралы ақпарат арнайы базаға енгізіледі.
Әр жеткізу қызметінің өкіліне жарықпен шағылысатын номер тағайындалады. Сол номер арқылы оның қозғалысы «Сергек» камераларымен қадағаланады. Жоба жол-көлік оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба әзірге профилактикалық мақсатта қолға алынды. Заң күшіне енгеннен кейін талап та күшетіледі.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…