Categories: Спорт

Елена Рыбакина Римде әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е. Рыбакина жеңген еді.

Бірінші партияда Ига Швентек 4:0 есебімен алға кетіп, сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:2. Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда тұрды. Дегенмен, Елена қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді.

Осылайша, биыл Елена әлемнің бірінші ракеткасын үш рет ұтты. Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ол ширек финалда тартысты кездесуде испаниялық Паула Бадосаны жолдан тайдырды – 6:2, 4:6, 6:3,

делінген хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

23 часа ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago