«Елеусіз еттен өтіп, қапыда қанға сіңіп келеді». Жұрт лифттегі екі ер адамның сүйісін талқылады

Лифттегі бейнебақылау камерасы сүйісіп жатқан екі ер адамды тіркеді. Әлеуметтік желі қолданушылары роликтің кейіпкерлері ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлері деп мәлімдей бастады. Видео ең алғаш EGOV.PRESS телеграм арнасында пайда болған.

Ролик Қазнетте жылдам таралды, Энергетика министрлігі де пікір білдіруге асықты:

Таратылып жатқан видеода Энергетика министрлігінің қызметкерлері емес, ақпарат шындыққа жанаспайды. Мән жайларды анықтау үшін ведомство тиісті органдарға жүгінеді,

деп мәлімдеді Энергетика министрлігінде.

Осы аралықта қазақстандықтар жаға ұстатар видеоны жаппай талқылауға көшті. Орыс тілді сегмент видеодағы екі еркектің сүйісін жеке өмір деп қарастырып, жұрттың талқысына түсуі орынсыз деді.

Блогер Жанна Ильичева Facebook-те бейнежазба туралы өз пікірімен бөлісті:

Сүйіссе сүйіскен шығар. Байқасаңыз, қоғамдық жерде емес, лифтте. Басқа біреудің іш киімін талқыламас бұрын, өз шкафыңызды реттеп алыңыз. Ал бейнебақылауға қатысы бар және видеоны жария еткен адам жауапқа тартылуы тиіс. Жеке өмірге ешкімнің қол сұғуына болмайды, сырттан келгендер кеңестерімен, әдебімен және өз тарақандарымен кіріспеуі керек,

деп жазды блогер.

Тележүргізуші Динара Сәтжан да осы пікірде.

Егер адам өз ісінің маманы болса, оның кіммен жататыны жұртшылыққа бәрібір болуы керек қой? Лифтте немесе көшеде кіммен құмарлықпен сүйісетінінде кімнің шаруасы бар? Жеке өмір құпиясын бұзғаны үшін бізде қылмыстық жауапкершілік бар. ҚР ҚК 147 қол сұғылмаушылықты бұзу️. Видеоны әлеуметтік желіге орналастырған адам соншалықты таза, мінсіз беделге ие ме екен? Жігіттердің орнында болсам мен ол қаскүнемді жазалар едім. Өте төмен, жымысқы әрекет

деп жазды Динара Сәтжан.

Алайда әлеуметтік желі пайдаланушылары оның ойымен келіспеді.

Егер олар қоғамдық лифтте сүйіссе, бұл енді жеке емес, қоғамға жария болған өмір, бұл біздің қоғамымыздың тәрбие мен мораль тұрғысынан құрдымда жатқанының көрсеткіші. Бізде патриархалдық қоғам, бұл пандемиядан да сұмдық мәселе, ал төзімділік мұнда жұмыс істемейді, өкінішке қарай.

Байқадыңыздар ма кешеден бері ЛГБТ ашық қолдайтын танымал блогерлер тобы пайда болыпты. Жеке өмірімен үйінде айналыссын, пәтерде, өз ауласында! Көше мен лифт қоғамдық орын! Көрген жерде жабысып, шыдамаса некелерін қиып, елімнен аулақ кетсін,

деп жазды оқырмандар.

Блогер Айсұлтан Жақыпов лифтідегі сүйіс жиіркенішті болғанымен, ол видеоны желіге жариялаған адам өрескел қателік жасағанын жазған.

Мен ЛГБТ насихатына қарсымын. Сондай-ақ, оларды көшеде көрсек, ұстап алсақ өлтіру керек дейтіндерге де қарсымын. Өлтіре қалсаңыз сіз ҚР Қылмыстық Кодексіндегі адам өлтіру бабымен сотталасыз. Сондықтан да ешкімді де ұрмай-соқпай өмір сүрейік.

Мен соғыс бола қалса барлауға мына екеуінің біреуін немесе видеоны жариялап жіберген адаммен барасың деген таңдау түссе біріншісін таңдар ем. Себебі, өзіме сенімдімін. Ал, бұларды ашық қолдаушылардың көбінің көкейінде саясат сахнасына шыға қалсақ адам құқығын қорғағанымыз үшін қандай да бір бонус боп қалар деген ой болуы да мүмкін.

Айтпақшы, азшылық дегеніміз көпшілікке айналып кеткендей,

деп жазды ол.

Жазушы Ұларбек Дәлейұлы бұл үрдістің үйреншікті әрекетке айналып бара жатқанынан қорқатынын айтты.

Ұлтқа келген ауыр қасірет еді. Елеусіз еттен өтіп, қапыда қанға сіңіп келеді. Әдеттегідей, әзілмен қарсы алдық…

деп жазды жазушы.

Мақпал Орынбетова «Құнанбайдың заманы болса, азғындар өлім жазасына кесілер еді» деген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 минуты ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

23 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

24 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago