Фото: inbusiness.kz
Биыл қаңтар–қыркүйекте Қазақстанға 19,1 мың адам келді, бұл 2022 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда бірден 74% көп.
Бұл ретте елден 12,7 мың тұрғын кеткен, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 37,4% аз.
Өңірлер бойынша ең көп Алматы қаласына көшіп келді: 4,5 мың адам, бір жылда 2,2 есе өскен. Одан кейін Маңғыстау облысы (2,9 мың адам, 21,7% көбейген) және Астана (1,6 мың адам, 2,1 есе көбейген). Ең аз Қызылорда облысына көшіп келді, жыл басынан бері бар болғаны 19 адам келген болса, бір жыл бұрын көрсеткіш 12 адам болған.
Ең көп адам Қостанай облысынан кеткен: 1,8 мың адам — бір жыл бұрынғыдан 25,8% аз. Одан кейін Қарағанды (1,5 мың адам, 42,1% азайған) және Павлодар (1,2 мың адам, 48,6% азайған) облыстары Ең аз адам Қызылорда облысынан кеткен: бар болғаны 55 адам, бір жылда 31% көбейген.
15 жастан асқан еңбекке жарамды халықтың ішінде биыл ҚР-ға техникалық мамандық бойынша 2,8 мың адам, экономикалық мамандық бойынша 1,5 мың адам, педагогикалық мамандық бойынша 750 адам, медициналық мамандық бойынша 446 адам, заңгер мамандығы бойынша 421 адам сәулет-құрылыс мамандығы бойынша 296 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 133 адам келді.
Бұл ретте елімізден техникалық мамандық бойынша 1,8 мың адам, экономикалық мамандық бойынша 871 адам, педагогикалық мамандық бойынша 638 адам, медициналық мамандық бойынша 339 адам, заңгер мамандығы бойынша 199 адам, сәулет-құрылыс мамандығы бойынша 123 адам, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 125 адам кеткен.
Биыл ҚР-ға келгендердің жартысына жуығы (48,9%) Ресейден: 9,4 мың адам — былтырғыдан бірден 3,2 есе көп. Екінші және үшінші орындарда Өзбекстан мен Түрікменстан. Одан кеійн Қырғызстан мен Қытайдан да көп келді.
ҚР-дан кеткендер ең көп Ресейге кетті: 9,4 мың адам — былтырғыдан 43,4% аз. Одан кейін Германия, АҚШ, Польша және Беларусь.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…