«Елге оралу ойда бар». Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы үйі туралы айтты

Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Ыстамбұлдағы үйінде Түркия қазақтары жиі қонақ болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева Түркиядағы үйінің ауласын, демалатын орнын көресетті. 

Сенбі, жексенбі күндері бұл жерге Ыстамбұлдағы қазақтардың барлығы жиналады. Бассейнге түседі, кәуап пісіріп, демалады. Сол себепті көп адамға арнап алдық. Мен кезінде жоқшылықты көп көрдім. Осындай мейірімге қатты мұқтаж болдым. Астанаға алғаш барған кезде салқындықтан шаршаған кездерім болды. Елордада тұрғанда желіден Астанаға келе жатқан адамды көре қалсам, үйге шақыратынмын. Үйде қонақ болмаса, мазамыз қашып, ұрыс болып кетеді,

дейді ақын.

Ақын Отанға оралуды ойға алған.

«Арқа жайлы болса егер арқар ауып несі бар” дейді ғой. Түркияда жүруіміздің өз себебі бар. “Қаңғып кетті, жетіскеннен барды” деп айтатындар көп. Жағдай солай болды. Бұйырса, етек-жеңімізді жинап елге қайтқалы жатырмыз. Өз еліңнің төрінде отырғанға не жетсін?! 

деді ол алдағы жоспарларымен бөлісіп.

Сондай-ақ ақын неліктен Стамбул қаласын таңдағанын түсіндірді.

Біріншіден, Стамбул жақын болды, тұруға да қолайлы. Екіншіден, маған қай жақта тұрсам да, қазақ ортасы керек болды. Ал бұл жерде қазақтар көп шоғырланған. Әрі менің жолдасыма Ыстамбұл қолайлы болды. Бұл үйді жалға алып отырғаным жоқ, сатып алдым,

деген Айнұр Тұрсынбаева баспанасының бағасын айтудан бас тартты.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago