Categories: Маңызды

Елімізде 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?

Қыстың алғашқы күні жаңа өзгерістермен басталды.

Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқарды

Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша грантта оқыған ауыл жастары үшін грантты еңбекпен өтеу мерзімі қысқарды.

Енді ауылдық квотамен оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді.

Бұған дейін түлектер білім алған өңірлерінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті еді.

Еңбекпен өтеу үшін бекітілген өңірлер –Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары.

Жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынды

Талапқа бағынбағандар 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Қазақстанда сыртында тау шыңының, ал ішінде қар түйіршіктерінің белгісі бар және «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбаланған шиналар «жарамды» қысқы шина болып есептеледі. Қысқы шинада бүртабан (шип) болған жағдайда көліктің артқы терезесіне белгі қою қажет.

Көлік жүргізушілері ақпан айының соңына дейін қысқы доңғалақпен жүруге міндетті.

Демалыстар саны қысқарды

Биылдан бастап қазақстандықтар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнінде демалмайды. Енді бұл мереке Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер секілді аталып өтеді.

Ал, Тәуелсіздік күні тек 16 желтоқсанда мерекеленеді, 17 желтоқсан – жұмыс күні.

Халықаралық әуе рейстері ашылады

Қазақстаннан Вьетнамға, Түркияға, Кувейтке жаңа әуе рейстері ашылады.

5 желтоқсаннан бастап «Turkish Airlines» компаниясы Астана және Анкара қалалары арасында жаңа рейс ашады. Рейстердің жиілігі – аптасына 2 рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері. Жолаушылар А-320 және Б-737 типті әуе кемелерімен ұшады.

Сондай-ақ Кувейттің «Jazeera Airways» лоукостері 3 желтоқсаннан бастап Кувейт – Түркістан бағыты бойынша әуе рейсін іске қосады. Әуе рейсі аптасына екі рет – сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесімен орындалады.

Ал 25 желтоқсаннан бастап ірі вьетнамдық «Vietjet Air» әуе компаниясы Камрань-Астана бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр. Рейстердің жиілігі – аптасына 3 рет. Жолаушыларды Airbus А – 330 типті әуе кемелері тасымалдайды.

Айта кетері, «Vietjet Air» компаниясы – Вьетнамның бюджеттік әуе тасымалдаушысы.

Қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеті жабылды

1 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан «Қапланбек» өткізу пункті жабылады. Бекетте күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа құрал-жабдықтар орнатылады.

Қазір шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі – «Қапланбек» бекеті. Әрбіреуіне, шамамен, 15 млрд теңге жұмсалады. Жартысы құрал-жабдықтарға, қалғаны құрылыс жұмыстарына кетеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямовтың айтуынша, бір өткізу бекетін толығымен жаңғыртуға 19 ай кетеді. Барлық жұмыс 2024 жылда аяқталады деген жоспар бар.

Таразда «Сергек» камералары іске қосылды

Таразда қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Сергек» бақылау жүйесі іске қосылады.

Жоба бойынша 1 250 жалпы бақылау камерасын орнату қарастырылған. 48 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago