Categories: Қоғам

Елімізде 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды

Жастар мен жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткіге құмарлық өршіп барады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында арнайы тоқталып, айтып өтті. Тиісінше Президент атаулы мәселені қолға алып, жою жолдарын қарастыруды тапсырды.

Осы орайда нашақорлықпен күресу және оның алдын-алу мақсатында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика бойынша акция ұйымдастырды, деп жазды Азаттық рухы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала көшелері мен үйлердің ауласында жүргізілген рейд барысында 2000-нан астам есірткі жарнамасы жазылған граффити мен трафареттер анықталып, жойылды. Бұл тек 1 күндік акцияның көрсеткіші. Түрлі тәсілдерді пайдалана отырып жан-жақты жұмысты бастадық, дейді Жастар қанатының өкілдері.

Қоғамның күрделі дертіне айналған нашақорлық, синтетикалық есірткіге тәуелділік мәселесі көңіл көншітпейді. Жастар былай тұрсын, жасөспірімдер арасында белең алған бұл дерт аса назар аударуды талап етеді. Акция барысында түрлі жарнамалар мен телеграм арналардың сілтемелеріне тап болдық. Уақытша қызықтың арбауына түсіп кетпей, суық санамен ойланып, өз болашағын ойлайтын азаматтар қатары көбеюде. Жастардың бірлескен қарсы іс-қимылы арқасында жаһандық дертпен күресуде оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын,

дейді «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Айта кету керек, 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жасалған игі акция аймақтардағы жергілікті атқарушы органдар, полиция департаментінің мамандары, мәслихат депутаттары, танымал спортшылар мен қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен жүзеге асты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago