Categories: Экономика

Елімізде 2025 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы мөлшерін анықтайтын жаңа әдістеме ұсынды. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлады.

Тиісті құжат президент әкімшілігіннің қарауында. Егер мақұлданса, жоба 2025 жылы іске асырылады. Яғни ең төменгі жалақы көлемі де ұлғайтылады. Сарапшылардың пікірінше, бұл халық көп тұтынатын тауар түрлерінің қымбаттауына әкеп соғады. Ел экономикасына теріс әсер ететініне сенімді. Ал қазақстандықтар қазір ең төменгі жалақы кемінде 150 мың теңге көлемінде болуы тиіс деп санайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы көрсеткішінің мөлшерін анықтайтын әдістемені заңнамалық түрде бекітпек. Қазір ең төменгі жалақы – 70 мың теңге. Алайда көпшілік бұған бір айлық азық-түлік алу мүмкін емес екенін айтады.

Тұрғындар 70 мың ас-ауқаттан артылмайды дейді. 10 кг картоп, 10 кг сәбіз және тағы 10 кг пиязға 7230 теңге кетеді. Сосын бес кг-дан күріш пен қарақұмық және 10 кг макаронға 7900 теңге жұмсау керек. 30 дана жұмыртқа – 1535 теңге, 5 литр сұйық май – 4165 теңге. Бес келі етке шамамен 14450 теңге керек. 20 келі ұнға 5670 теңге кетеді. Әрі қарай небәрі 29 050 теңге қалады. 

Министрлік жыл басынан бері 1 миллион 800 мың қазақстандықтың айлығы ең төменгі жалақы деңгейіне жеткізілгенін мәлімдеді. 

Ең төменгі жалақы өседі. Бірақ бұл жерде ең басты екі фактор ескеріледі. Бұл – медиандық табыс және еңбек өнімділігі. Барлық орта және шағын бизнесте жұмыс істеп жатқан азаматтар, компаниялар жалақыны ең төменгі жалақыдан төмен қылып қоя алмайды,  

деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.

Сарапшылар еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері әлі де тым аз деп дабыл қақты. Өйткені оны бекітуге қажетті статистика дұрыс жинақталмайды.

Қазіргі жалақыдан көтерілетін болса, экономикамызға белгілі бір деңгейде салмақ салады. Ол автоматты түрде бағаның өсуі, төлемақылардың көбеюі байқалады, ол республикалық бюджетке ауырпашылық туғызады,

деді экономист Мақсат Сералы.

Сарапшы пікірінше, әр азаматтың үстемақы, сыйақы, тоқсандық бонус секілді қосымша табыстарын алып тастағандағы нақты кірісі анықталуы тиіс.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago