Білім

Елімізде 2040 жылы түлектердің 15%-ы ғана білім грантын иеленеді

Үкімет «Келешек» жинақтаушы жүйесі не үшін енгізілетінін түсіндірді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгінде мемлекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын грантпен қамтып жатқанын айтты. Алайда 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш шамамен 15%-ға дейін қысқарады.

Десе де министрлік 2020 жылдан бастап жыл сайын грант санын орта есеппен 10%-ға ұлғайтатынын мәлімдеді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2019 жылдан 2022 жылға дейін туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар көп болатынын айтты. Бұл ретте грант санын ұлғайту шарасы да бәрін жоғары біліммен қамтамасыз ете алмайды.

«Келешек» бұл мәселелерді шешуге көмектеседі. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасы ресурстарды шоғырландыру және мемлекет, бизнес, оқу орындары мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл мамандық иесі атанғанға дейін балаларды қолдауға мүмкіндік береді,

деді Смайылов.

Премьер-министр «Келешек» жүйесін келесі жылы енгізу қажет екенін, жүйенің әрекет ету тетігін жан-жақты пысықтау керегін атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago