Агенттік басшысы ведомствоның 10 айдағы атқарған қызметі туралы есеп берді.
Өткен жылмен салыстырғанда істерді тіркеу 30% төмендеді. Бұл ретте ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі 52% құрап, тұрақты болып қала береді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 300 млрд теңгеден астам сомаға залал өтелді және активтерді қайтару қамтамасыз етілді. 25 ұйымдасқан қылмыстық топ бейтараптандырылды.
Кеден саласындағы көлеңкелі операциялардың және акцизделетін өнім айналымының үлесі де айтарлықтай қысқарыпты. Бұған салық түсімінің 540 млрд теңгеге артуы дәлел. 119 қолма-қол ақшаға айналдырған компания тобының қызметі тоқтатылды.
Одан бөлек, 25 қаржы пирамидасы жойылды, жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге залал өтелді. Алдын алу шараларымен құқыққа қайшы контенті бар 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды.
Сондай-ақ, есірткінің бөлшек саудасы бойынша 15 интернет-дүкеннің қызметі анықталды. Олардың айналымы 4,4 млрд теңгені құрады, тартылған тұлғалар саны 27 мың азаматтан асты. Олар бойынша материалдар ІІМ мен ҰҚК-ге жолданды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…