Елімізде 700-ден астам ұйым жекешелендіріледі

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Отырыста жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген, оның ішінде 230-ы сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр.

Бұл ретте активтерді баланстық құннан төмен сатуға тыйым салу, сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол бермеу, стратегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр.

Primeminister.kz

Осыған байланысты жаңа тәсілдер негізінде жекешелендіру тізбесін өзектендіру жүргізілді. Осылайша, жекешелендіру жоспарына бәсекелестік ортаға беру экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылып отыр. Компаниялардың бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының IPO-ы арқылы нарыққа шығару жоспарланған.

Жалпы, Премьер-министр жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулерді мақұлдады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago