Фото: Polisia.kz
Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбейгенін айтты. Енді жалған нөмірлер бұғатталады.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен бірлесе өткен кеңесте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстанда интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау бойынша 2016 жылы 1 мың дерек, 2021 жылы 21 мың дерек тіркелген.
Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайды,
деп жазды Бағдат Мусин Facebook-парақшасында.
Министрлік азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастырып жатыр. Осылайша телефон нөмірі бөтен адамдарға тіркелу жағдайын алдын алуға болады.
Біз интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынамыз. Өйткені алаяқтық фактілердің болуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан кезде өзінің шынымен банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады,
деді министр.
Кездесуде Қоғамдық кеңес мүшелері интернет алаяқтығы мәселесін шешуге қатысты ұсынысын ортаға салды. Мысалы, алаяқтарға және олардың айла-амалдарына қатысты барлық мәлімет енгізілетін арнайы платформа құру туралы да айтылды.
Біз ұсынған бастамалар проблеманы түбегейлі жоймайтынын айтып өтейін. Бұл — мәселені шешудің бір ғана бөлігі. Сондықтан технологиялық тұрғыдан басқа, арнайы жобалар арқылы халықтың қаржылық және заң сауатын арттыру бағытында жұмыстарды күшейтуіміз қажет,
деді Бағдат Мусин.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…